18.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Ливерпуль» жазғы трансферлерге дайындалуда

Футбол инсайдері Фабрицио Романоның мәліметінше, «Ливерпуль» «Ньюкасл Юнайтед» шабуылшысы Александер Исактың өкілдерімен келіссөздер бастады. Швед ойыншысы жазда мерсисайдтықтардың қатарына қосылуы мүмкін.

Клуб бірнеше ірі трансфер жасауды жоспарлап отыр. «Ливерпуль» «Атлетико Мадридтен» шабуылшы Хулиан Альваресті, «РБ Лейпцигтен» жартылай қорғаушы Хави Симонсты және «Интер Миланнан» қорғаушы Александро Бастониді сатып алуға ниетті.

Сонымен қатар командадан бірнеше ойыншы кетуі мүмкін. «Вулверхэмптон» Диогу Жотаны қайтаруды қарастырып жатса, «Борнмут» қақпашы Куайвин Келлехерге қызығушылық танытуда.

«Ливерпуль» «Кристал Пэлас» қорғаушысы Марк Гехи үшін күресте көш бастап тұр және «Байер Леверкузен» ойыншысы Джереми Фримпонгты бақылауда – ол Трент Александер-Арнолдтың ықтимал орынбасары ретінде қарастырылуда.

Сонымен қатар клуб «Ривер Плейттің» 17 жастағы қанатшысы Франко Мастантуоноға қызығушылық білдіріп отыр. Оның трансферлік бағасы шамамен 35 миллион фунт стерлингті құрайды.