13.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Ливерпуль» 114 жылда алғаш рет ағылшындарсыз АПЛ матчына шықты

Euro-football.ru мәліметі бойынша, «Ливерпуль» «Эвертонға» қарсы мерсисайдтік дербиде ерекше рекорд орнатты. 114 жылда алғаш рет команданың бастапқы құрамында бірде-бір ағылшын футболшысы болған жоқ.

Opta статистикалық порталының хабарлауынша соңғы осындай жағдай 1912-ші жылы орын алған. Сол кезде лондондық «Арсеналға» қарсы ойында қызылдар алаңға 11 шотландиялықты шығарған.

Қызылдардың бастапқы құрамы былай болды:

  • Бекер
  • Конате
  • ван Дейк
  • Робертсон
  • Брэдли
  • Гакпо
  • Макаллистер
  • Собослаи
  • Гравенберх
  • Салах
  • Диас

Қосалқы орындықта Англияның төрт өкілі отырды — Джарелл Куанса, Харви Эллиотт, Кертис Джонс және Трент Александер-Арнольд.