25.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ламин Ямаль Испания Кубогының жартылай финалын өткізіп алуы мүмкін

Sport24.ru мәліметінше, «Барселонаның» жас жұлдызы Ламин Ямаль Испания Кубогының жартылай финалында «Атлетико Мадридке» қарсы ойнамауы ықтимал.

17 жастағы футболшы «Лас-Пальмасқа» қарсы өткен соңғы матчта жарақат алып, дүйсенбіден бері команда жаттығуларына қатыспаған. Айта кетейік, бұл кездесуде каталондықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтан кейін Ямаль әлеуметтік желілерде қанға боялған шұлық бейнесін жариялап, оған мысқылмен «Ереже бұзушылық жоқ!» деген жазба қалдырды.

Футболшының жарақаты Алекс Муньостың қатты тайғанақтауынан кейін алынған. Алайда кездесудің бас төрешісі бұл эпизодты ереже бұзушылық деп бағаламады.

«Барселона» мен «Атлетико» арасындағы алғашқы жартылай финалдық матч бүгін каталондықтардың алаңында өтеді.