27.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Криштиану Роналдудың голы «Әл-Насрдың» жеңіске жетуіне көмектесті

Сауд Арабиясы чемпионатының 17-ші турында «Әл-Наср» өз алаңында «Әл-Фатехті» ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3:1 есебімен «Аль-Насрдың» пайдасына аяқталды. Алаң иелері 41-минутта Марване Сааданенің автоголының арқасында есепте алға шықты. 57-минутта Мохамед Симакан есепті еселеді. 72-минутта Мурад Батна есеп қысқартты. Матчтың соңғы голын 87-минутта Криштиану Роналду соқты.

Бұл жеңісімен «Ән-Наср» 35 ұпай жинап, Сауд Арабиясы чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орынға көтерілді.