08.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында тағы бір гол соқты

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының про-лигасындағы тамаша нәтижесін жалғастыруда. 40 жастағы португалдық сұрмерген чемпионаттың 19-турында «Әл-Фейха» командасына қарсы өткен ойында (3:0) 74-ші минутта гол соғып, өзінің нәтижелі сериясын жалғастырды.

Роналду қазір 16 голмен турнирдің үздік сұрмергендер тізімінде көш бастап келеді. Оның басты бәсекелесі – «Әл-Иттихад» шабуылшысы Карим Бензема екі голға артта қалған.

Жұлдызды футболшы соңғы бес ойында да қарсылас қақпасын дәл көздеді. Ол «Әл-Раэд», «Әл-Фатех» және «Әл-Халидж» клубтарына қарсы ұлттық чемпионатта гол соғып, Азия Чемпиондар лигасындағы «Әл-Васль» матчында дубль жасады.

Осы кезеңдегі Роналдудың жалпы нәтижесі әсерлі: соңғы 12 ойында 16 гол.