07.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Криштиану Роналду: «Реал Мадрид – менің ең бақытты кезеңім»

Аңызға айналған португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду өзінің мансабындағы ең қуанышты сәттерін Мадридтің «Реалында» өткізгенін айтты, деп хабарлайды GiveMeSport.

«Мадрид мәңгі менің жүрегімде қалады. Бұл – мен ең бақытты болған команда. Мен онда өте маңызды әрі жақсы істер жасадым, сондықтан да адамдар мені ұмытпайды. Егер тарихта із қалдырсаңыз, сізді ешқашан ұмытпайды», – деді Роналду.

Португалиялық супержұлдыз «корольдік клуб» сапында 438 матчқа шығып, 450 гол соғып, 131 нәтижелі пас берді. Ал «Манчестер Юнайтед» қатарында ол 346 ойын өткізіп, 145 голмен көзге түскен.