Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

ҚПЛ: Төртінші турдың екінші күні голдарға толы болды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турындағы екінші ойын күні бірінші күнмен салыстырғанда әлдеқайда нәтижелі өтті.

Атырау өз алаңында «Қайраттан» 1:4 есебімен ойсырай жеңілді. Бірінші таймда есеп ашылмағанымен, екінші таймда командалар бес гол соқты.
Ойынның 51 және 54-минуттарында Дастан Сатпаев дубль авторы атанып, 16 жасында ҚПЛ тарихындағы ең жас дубль жасаған ойыншы ретінде тарихқа енді.
56-минутта Чунчуков есеп айырмасын қысқартқанымен, 71-минутта Станоев, ал 79-минутта Жоржиньо мергендік танытып, «Қайратқа» ірі жеңіс сыйлады.

Ақтөбеде өткен ойында жергілікті «Ақтөбе» сапында төрт ойыншы мергендік танытып, «Қайсарды» 4:1 есебімен тас-талқан етті.
Ақтөбеліктерден Қайыров, Бердібек, Умаев және Өміртаев көзге түссе, қызылордалықтар сапынан Жақсылықов жалғыз голдың авторы атанды.

Ал «Елім-ай» өз алаңында «Ұлытаумен» кездесіп, аса қиындықсыз 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!