Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

ҚФФ төрешілер шешімдерін апта сайын талдайтын болады

ҚФФ төрешілер шешімдерін апта сайын талдайтын болады

Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман Премьер-Лигадағы төрешілер шешімдерін талдаудың жаңа форматы туралы хабарлады.

«Бұдан былай, әр турдан кейін дүйсенбі күні Португалиядан келген төрешілік және инспекциялау департаментінің жаңа басшысы ҚФФ сайтында, өткен матчтарға шолу жасап, төрешілердің әр шешімі бойынша түсініктеме береді», — деді Құрман өзінің подкастында.

Еске сала кетейік, биылғы наурыз айында ҚФФ төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры қызметіне португалиялық маман Нуну Алешандре Паррейра де Каштру тағайындалды. Матчтарды апта сайын талдауға дәл сол жауапты болады.