20.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Кемар Руф «Дерби Каунтидің» жаңа бапкері Джон Юстастың алғашқы трансфері атанды

Клубтың ресми сайтының хабарлауынша, ямайкалық шабуылшы Кемар Руф «Дерби Каунти» сапына қосылды. 32 жастағы футболшы 2024/25 маусымының соңына дейін келісімшартқа қол қойды.

Тәжірибелі шабуылшы Ямайка құрамасы үшін бес матч өткізген. Ол 2024 жылдың мамырынан бері ресми ойындарға қатыспаған болатын. Бұған дейін «Лидс Юнайтед», бельгиялық «Андерлехт» және шотландиялық «Рейнджерс» клубтарында өнер көрсеткен. Соңғы командасымен бірге Шотландия чемпионаты, Ел кубогы және Лига кубогында жеңіске жеткен.

«Мен осындамын және жұмысты бастауға қуаныштымын. Жаңа бапкердің алғашқы трансфері болатынымды күтпеген едім», – деді Руф клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Шабуылшы Чемпионшиптің құлдырау аймағында тұрған және гол соғу жағынан қиындықтарға тап болған командаға қосылуда: «Қошқарлар» соңғы 10 матчта (2024 жылдың желтоқсан айынан бері) небәрі 4 гол ғана соққан.