11.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстанның әйелдер құрамасы Азиада-2025-те Катарды керлингтен жеңді

Olympic.kz мәліметі бойынша, Харбинде өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстанның әйелдер керлинг құрамасы тамаша нәтижеге қол жеткізді.

Қазақстандық спортшылар Катар құрамасын 11:2 есебімен ойсырата жеңді. Бұл — олардың турнирдегі үшінші жеңісі. Қазіргі таңда команда қоржынында үш жеңіс пен екі жеңіліс бар.

Ал ерлер құрамасы Оңтүстік Кореямен кездесіп, 2:12 есебімен қарсыластарына жол берді.