20.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің келесі айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің келесі айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко «Ролан Гаррос» іріктеуінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шевченко жапониялық Шинтаро Мочизукиді 6:7, 6:2, 6:4 есебімен ұтты.

Кездесу 2 сағат 27 минутқа созылды.

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық Бейбіт Жұқаев америкалық Закари Свайдадан жеңіліп, іріктеудің бірінші кезеңінен өте алмады.