Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирде сенімді жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирде сенімді жеңіске жетті

Бейбіт Жұқаев (ATP рейтингінде 213-орын) француз қаласы Тьенвильде өтіп жатқан челленджерді жеңіспен бастады.

Бірінші айналымда қазақстандық спортшы Германия өкілі — Макс Ганс Ребергпен (әлемдік рейтингте 243-орын) кездесу 7:6 6:1 есебімен біздің теннисшінің пайдасына шешілді. Ойын 1 сағат 16 минутқа созылды.

Келесі кезеңде Жұқаев Николай Будков Кьер (Норвегия рейтингте 299-орын) — Лиам Дракcль (Канада 171-орын) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 91 250 еуроны құрайды: турнир жеңімпазы 12 980 еуро мен 75 рейтингтік ұпай алады.