Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық шаңғышы қарсыласының дисквалификациясынан кейін Азиада-2025 күмісін алды

Қазақстандық шаңғышы қарсыласының дисквалификациясынан кейін Азиада-2025 күмісін алды

Olympic.kz мәліметінше, қазақстандық шаңғышы Константин Борцов Харбиндегі Азия ойындарында спринт жарысында бастапқыда үшінші орын алғанымен, кейіннен күміс медальға ие болды.

Марапаттарды қайта бөлу жапондық спортшы Харуки Ямашитаның дисквалификациясына байланысты жүзеге асырылды. Ол жарыс барысында тыйым салынған материалдарды қолданғаны үшін жарыстан шеттетілді.

Нәтижесінде, жарыстың қорытындысы қайта қаралып, қола медаль Қытай өкілі Салике Саймухайерге берілді.