11.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық шабуылшы Данил Анкудинов Испанияда гол соқты

Қазақстандық шабуылшы Данил Анкудинов испандық «Менсахеро» клубында сәтті өнер көрсетуді жалғастыруда.

Корольдік испандық футбол федерациясының үшінші дивизионының (Испания футбол лигалар жүйесіндегі бесінші деңгей) 12-топтағы 25-тур матчында 21 жастағы ойыншы қарсылас қақпасына гол соқты.

Канарлық «Менсахеро» өз алаңында «Панадериядан» 2:3 есебімен жеңілді. Данил Анкудинов кездесудің 83-ші минутында есепті қысқартты.