18.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық хоккейші америкалық жасөспірімдер лигасында 18 ұпай жинады

Shaiba.kz мәліметінше, қазақстандық қорғаушы Арман Төлен америкалық жасөспірімдер лигасында өсу жолын жалғастыруда — ол 16U AAA дивизионында «Ханибейкд» командасының сапында өнер көрсетеді.

Астана хоккей мектебінің түлегі — ағымдағы маусымда тұрақты біріншіліктің 25 ойынына қатысып, 18 нәтижелі ұпай жинады. 16 жастағы қорғаушының еншісінде — 4 шайба мен 14 голдық пас бар.