08.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық футболшы Жұма ресейлік «Торпедоға» ауысты

KazFootball.kz мәліметінше, МФК «Семей» мен ресейлік «Торпедо» клубы жалдау келісіміне қол жеткізді – 23 жастағы қазақстандық футболшы Райымбек Жұма маусым соңына дейін Мәскеу командасында өнер көрсетеді.

Бұған дейін Семейлік клубтың намысын қорғаған жартылай қорғаушы енді Ресей Суперлигасында өз шеберлігін дәлелдеуге мүмкіндік алады.

Айта кетейік, «Торпедо» – ресейлік Суперлиганың үздік командаларының бірі. Қазіргі таңда мәскеулік клуб турнирлік кестеде 7-орында тұрақтап, тұрақты ойын өрнегін көрсетуде.