Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстандық боксшылар Бакудегі турнирде екі алтын жеңіп алды

Бакуде өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Элина Базарова 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ресейлік Дарья Пантелееваны жеңіп, алтын медаль иеленді. Екінші раундта нокдаунға түскеніне қарамастан, Базарова ерік-жігер көрсетіп, жеңісті жұлып алды.

Виктория Байдукова 57 келіге дейінгі салмақта Ресей өкілі Дарья Абрамованы 4:1 есебімен жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Ал Анжа Садвакасова 52 келіге дейінгі санатта жарыстың иесі — әзірбайжандық Зейнаб Рахимовадан төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіліп, қола жүлдемен шектелді.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын және бір қола медаль бар.