07.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық боксшы Испаниядағы турнирде ағылшындықтан күтпеген жеңіліс тапты

Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2025 халықаралық турнирінде қазақстандық боксшы Елнұр Сүйінбай жартылай финалда жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Sports.kz.

71 келіге дейінгі салмақта Сүйінбай Англия өкілі Патрик Хьюиттпен кездесіп, жекпе-жек британдық боксшының пайдасына 1:4 есебімен аяқталды.

Осылайша, жасөспірімдер арасында Азияның екі дүркін чемпионы және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Елнұр Сүйінбай халықаралық турнирдің қола медалін жеңіп алды. Ал оның қарсыласы финалда алтын медаль үшін күресін жалғастырады.