08.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан жастар құрамасының хоккейшісі Британ Колумбия лигасының матчында нәтижелі пас берді

Британ Колумбия хоккей лигасының кезекті матчында «Коквитлам Экспресс» өз алаңында «Принс Джордж Спрюс Кингз» командасына овертаймда 2:3 есебімен жол берді. Бұл ойында Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Никита Ситников нәтижелі пасымен көзге түсті.

Матчтың алғашқы кезеңінде «Коквитлам» басымдыққа ие болды. Алдымен МакГинли есеп ашса, кейін Стэплер Никита Ситниковтың берген пасынан кейін есепті 2:0-ге жеткізді. Екінші кезеңде екі команда да гол соға алмады.

Алайда шешуші үшінші кезеңде «Принс Джордж» қарқынын үдетіп, Папинэй мен Ледрей шайбаларының арқасында таразы басын теңестірді. Овертаймда Сасаки жеңіс шайбасын соғып, қонақтарға екі ұпай әперді.

Матчтағы шайбалар:

  • 03:56 — МакГинли (Зоко, Кеселринг) — 1:0
  • 11:44 — Стэплер (Ковацевич, Ситников) — 2:0
  • 42:23 — Папинэй (Перчич) — 2:1
  • 54:18 — Ледрей (Сасаки, Макой) — 2:2
  • 64:53 — Сасаки — 2:3

Қақпашылар: Несс («Коквитлам») — Грэвел («Принс Джордж»).