Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасының жас қорғаушысы ҚПЛ жаңа командасына ауысты

Қазақстан құрамасының жас қорғаушысы ҚПЛ жаңа командасына ауысты

Жезқазғандық «Ұлытау» клубының баспасөз қызметі жас қорғаушы Доминик Боловинцевтің командаға қосылғанын хабарлады.

20 жастағы ойыншы бұған дейін Қазақстанның U-19 жастар құрамасында ойнаған. Ол жаңа маусымда ҚПЛ-ге жаңадан қосылған «Ұлытау» сапында өнер көрсетеді. Негізгі позициясы – оң жақ қорғаушы.

Доминик Боловинцевтің кәсіби мансабы алматылық «Академия 05» клубында басталды. Ал өткен маусымда ол Чехияның «Лишень» командасында тәжірибе жинаған.

Айта кетерлігі, «Ұлытау» клубы өткен маусымда Бірінші лигада екінші орын алып, ҚПЛ-2025 маусымына жолдама жеңіп алды.