Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстан құрамасы Вьетнаммен жолдастық кездесуде тең түсті

Хошиминде өткен жолдастық матчта Қазақстан мен Вьетнам құрамалары 2:2 есебімен тең ойнады.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака бұл кездесуде келесі ойыншыларға сенім артты:

Игита, Дарибай, Абдуманапұлы, Валиуллин, Сағындықов, Жеткербаев, Дерябин, Рашит, Ақбаликов, Қайырбай, Пиялы, Қоспанов, Марахов.

Бірінші таймда Ерсұлтан Сағындықов пен Нұрсұлтан Пиялының голдары арқасында қазақстандықтар 2:0 есебімен алға шықты. Алайда үзілістен кейін алаң иелері есепті теңестіріп, матч 2:2 нәтижесімен аяқталды.

Айта кетейік, алғашқы кездесуде Вьетнам құрамасы ФИФА рейтингінің жетінші сатысында тұрған Қазақстанды 4:1 есебімен жеңіп, сенсация жасаған еді.