14.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында төртінші орын алды

Норвегияның Хамар қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем чемпионатында әйелдер арасындағы командалық спринт сайысы аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан құрамасы – Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина – қорытынды хаттамада төртінші орынға тұрақтады.

Бұл сайыста алтын медальді «Нидерланд» құрамасы жеңіп алса, «Канада» екінші, ал «Польша» үшінші орынға ие болды.

Әлем чемпионатында Қазақстан атынан бес спортшы сынға түсуде:

  • Надежда Морозова
  • Кристина Силаева
  • Дарья Важенина
  • Евгений Кошкин
  • Алтай Жардембекұлы