24.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан құрамасы ӘЧ-2026 іріктеуінде Лихтенштейнмен ойнайды

Әли Әлиевтің жетекшілігіндегі Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу циклындағы екінші матчын өткізеді — команда сырт алаңда Лихтенштейнмен кездеседі.

Ойын 26 наурыз түнінде Вадуцта өтеді, тікелей трансляция Астана уақыты бойынша 00:35-те «Qazsport» телеарнасында басталады.

J тобының бірінші турында екі команда да жеңілістерге ұшырады — қазақстандықтар Уэльске 1:3 есебімен жол берді, мұндағы жалғыз голды пенальтиден Асхат Тағыберген соқса, Лихтенштейн өз алаңында Солтүстік Македониядан 0:3 есебімен ұтылды.

Букмекерлер Қазақстан құрамасын алдағы матчтың айқын фавориті санайды. Айта кетерлігі, бұл топта Бельгия құрамасы да өнер көрсетеді — ол жарыстың бастапқы турын өткізіп алған болатын.