Оқу уақыты: 3 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстан командасы жаңа Ламборгини жарыстар маусымын бастайды

Қазақстан командасы жаңа Ламборгини жарыстар маусымын бастайды

Lamborghini Super Trofeo Europe жарысының 2025 жылғы 18-ші маусымы 11-13 сәуір аралығында Еуропаның ерекше жолы Франциядағы «Paul Ricard» деген жерде өтеді. Жарыста алты кезең болады.

Lamborghini Super Trofeo Europe – кәсіби және әуесқой жарысшылар қатысатын беделді жарыс сериясы. Спортшылар Lamborghini Huracán Super Trofeo Evo2. автомобильдерінде күш сынасады.

Кейін 2025 жылдың Super Trofeo Europe жарысының маусымы Италияның «Monza» жолында 30 мамыр мен 1 маусым аралығында жалғасын табады. Ал 27-29 маусым аралығында чемпионат Бельгияның «Spa-Francorchamps» жолында өтетін «24 Hours of Spa» беделді жарысына қолдау көрсетеді. Келесі кезеңдер 29-31 тамыз аралығында Германиядағы «Nürburgring» автодромында және 10-12 қазан аралығында Испаниядағы «Barcelona-Catalunya» жолында өтеді. Маусым 6-9 қараша аралығында Италияның «Misano World Circuit Marco Simoncelli» жолында өтетін соңғы кезеңі әлем чемпионатының финалымен аяқталады.

Бірінші кезеңде ArtLine Kazakhstan командасының атынан Lamborghini Cup классындағы қазіргі чемпион болып отырған Шота Абхазава басқаратын бір көлік жарысады. Өткен маусымда Шота чемпионаттың екінші жартысында сенімді өнер көрсетіп, нәтижесінде 7 жеңісімен командаға чемпион атағын әкелді. Ал осыдан екі маусым бұрын Шота Lamborghini Super Trofeo 2023 әлем финалында жеңіске жеткен еді.

Спорттағы жетістіктің негізгі құралы ең алдымен кәсіпқой болу мен тәртіпке салынған команданың жұмысы. Сонымен қатар, сәттілікті де айтпасақ болмайды. Жыл сайын ArtLine Kazakhstan алдына жаңа өршіл мақсат қояды. Енді команда Еуропа мен әлемдік автоспортта өзін керемет көрсеткен кезде басты міндет – чемпион атағын сақтап қалу және жеңіс тұғырының жоғары сатысына бірнеше рет көтерілу болып табылады.

ArtLine Kazakhstan командасының жарыстардағы өнер көрсетуін ресми әлеуметтік желілерінен бақылауға болады.

Команда туралы

ARTLine жарыс командасы 1998 жылы құрылды. ARTLine Engineering – бұл командамен бір уақытта құрылған спорт жабдықтарды, соның ішінде ArtTech брендімен шығатын халықаралық «Формула 3» жарыс автомобильдерін жобалайтын және әзірлейтін конструктор бюросы. Ширек ғасыр бойы жұмыс барысында бюрода 20-дан астам жарыс автокөліктерінің жобасы әзірленді, 30-дан астам жарыс автокөліктері жасалды, оның 17-сі халықаралық класстағы көліктер. Ал команда 9 әлемдік жарыс сериясына қатысты.

Команданың негізін қалаушысы Шота Мерабович Абхазава – Қазақстан кәсіпкері, біздің елімізде де, шетелде де мұнай-газ нарығына көлік және сервис қызметтерін көрсететін TEXOL компаниясының басшысы. Компания Қазақстандағы газ цистерналары мен басқа да теміржол вагондарының ең ірі паркінің иесі.

2015 жылы Шота Абхазава Lamborghini Super Trofeo Europe ең беделді шанақ моно-сериясының AM классының чемпионы атанды, ал 2019 жылы ол PRO-AM классында жеңіске жетті. 2023 жылдың қараша айында ол Италияның Валлелунга жолында өткен Lamborghini Super Trofeo 2023 әлемдік финалында жеңімпаз болды.

Жарыстар туралы

Lamborghini Super Trofeo – Lamborghini Squadra Corse ұйымдастырған халықаралық чемпионат, 3 континент сериясынан тұрады: Еуропа, Азия және Солтүстік Америка. Серияда 6 кезең бар. Әр кезеңде 50 минуттық екі жарыс өткізіледі. Әлемдегі ең беделді жолдарында өтіп, чемпиондар анықталып, əлемдік финалмен аяқталады.

Lamborghini Super Trofeo жарысшылары бірдей Lamborghini Huracán Super Trofeo Evo автокөліктерінде жарысады және қатегорияларға бөлінеді: PRO Cup – кәсіби жарысшылар, PRO-AM – кәсіби және әуесқой спортшыдан тұрады, AM Cup — кәсіпқой емес жарысшылар және Lamborghini Cup – жеке жарыс 50+.

2024 жылғы маусымның финалы кезінде Херес (Испания) жолында қатысушылардың рекордтық саны жиналды – 21 елден 121 спортшы қатысты.

2025 жылы әлемдегі жалғыз брендтің ең жылдам трофейі болып саналатын Lamborghini Super Trofeo өзінің 17 жылдығын атап өтеді.