Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан хоккей құрамалары Харбиндегі Азия ойындарында медаль үшін күреседі

Қазақстан хоккей құрамалары Харбиндегі Азия ойындарында медаль үшін күреседі

Бүгін 14-ші ақпанда Қазақстан хоккей құрамалары Харбинде (Қытай) өтіп жатқан Азия-2025 ойындарында шешуші кездесулерін өткізеді.

Әйелдер құрамасы Оңтүстік Корея командасымен Астана уақыты бойынша 07:00-де кездеседі; сәтті жағдайда біздің хоккейшілер күміс медальға қол жеткізе алады. Финалдық ойындар алдындағы турнирлік кестеде жағдай келесідей:

  • Жапония — 6 ұпай
  • Қытай — 3 ұпай
  • Қазақстан — 3 ұпай
  • Оңтүстік Корея — 0 ұпай

Қазақстан ерлер құрамасы — сағат 11:00-де Жапония командасына қарсы алтын медаль үшін мұзға шығады.

Барлық хоккей жанкүйерлері екі ойынды да тікелей эфирде көре алады: трансляциялар «Qazsport» телеарнасында көрсетіледі.