13.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан ерлер құрамасы қысқы Азия ойындарында биатлон эстафетасында күміс жүлдегер атанды

Қазақстан ерлер құрамасы қысқы Азия ойындарында биатлон эстафетасында күміс жүлдегер атанды

Sports.kz мәліметінше, Харбиндегі қысқы Азия ойындарында ерлер арасындағы 4×7,5 км биатлон эстафетасы өтті. Қазақстан құрамасы — Александр Мухин, Асет Дюсенов, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев — екінші орынға ие болды.

Жарыс барысында бірнеше рет көш бастап тұрған қазақстандық спортшылар Жапония құрамасынан 58,4 секундқа қалып қойды. Үшінші орынды Қытай командасы 1 минут 12,4 секунд айырмашылықпен иеленді.

Азиада-2025 ойындарының жалпы қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 17 медаль бар: 3 алтын, 8 күміс және 6 қола. Сондай-ақ дәл осы күні әйелдер биатлон эстафетасында Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды.