07.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан боксшылары Куба спортшыларын жеңді

«Адриатика маржаны» жастар әлем кубогында Қазақстан мен Куба боксшылары арасында жекпе-жектер өтті.

51 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасының өкілі Досымжан Танатар кубалық Барбаро Кеведомен кездесті. Жекпе-жек 5:0 есебімен қазақстандық боксшының айқын жеңісімен аяқталды. Барлық төрешілер 30-26 ұпаймен оның басымдығын белгіледі.

57 келі салмақта Данияр Ақбисенов те Қазақстан құрамасына жеңіс әкелді. Ол кубалық Рональд Кутиноны төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңді. Төрешілердің жазбалары қазақстандық боксшының айқын басымдылығын көрсетті: 30-27, 29-28, 29-28, 30-27, 30-27.