25.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Қазақ королі» Астанада IBF Inter-Continental экс-чемпионымен жұдырықтасады

Sports.kz хабарлағандай, жеңілмеген қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (19-0 13 КО) 05.04.2025 күні Астана рингіне шығады.

Кештің бірлескен басты оқиғасында оның қарсыласы IBF Inter-Continental экс-чемпионы оңтүстік африкалық боксшы Азинга Фузиле (18-2 12 КО) болады. Жекпе-жек екінші жартылай-жеңіл салмақта 10 раундқа жоспарланған.

Кештің басты оқиғасы жеңілмеген қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0 11 КО) мен француз боксшысы Анауэль Нгамиссенге (14-0 9 КО) арасындағы жекпе-жек болмақ. Айта кетейік Фузиле — IBF-тің «африкалық» белбеуінің бұрынғы иегері; жоғары деңгейдегі өнер көрсетуде үлкен тәжірибесі бар.