Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қайтыс болған хоккейші Джонни Годроның жары үшінші рет ана атанды

НХЛ-дің ресми сайты хабарлағандай, өмірден өткен хоккейші Джонни Годроның жары Мередит Годро ұлды болды. Сәби Картер Майкл есімді болып дүниеге келді.

Картер — Джонни Годроның қаза тапқанынан жеті ай өткен соң туған ұлы. Естеріңізге салсақ, «Коламбус Блю Джекетс» командасының шабуылшысы Джонни інісі Мэтьюмен бірге велосипедпен серуендеп жүргенде жол апатына ұшырап, көз жұмған болатын.

«Ол шынымен әкесіне ұқсайды», — деп жазды Мередит Годро әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сәбидің екінші есімі — Майкл — әкесіне құрмет ретінде қойылған. Картердің екі ағасы бар:

  • Ноа — 3 жаста

  • Джонни-кіші — 1 жаста