Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Карлос Пратес: «Белал жалықтыратын бес раундтық жекпе-жекте жеңіске жетеді»

MMA Today хабарлауынша, UFC орта салмақ дивизионының 13-нөмірлі файтері Карлос Пратес алдағы чемпиондық жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

10 мамыр күні Монреаль қаласында өтетін UFC 315 турнирінде Белал Мұхаммад пен Джек Делла Маддалена титул үшін октагонға шығады. Жеңімпаз келесі жекпе-жегінде қазақстандық Шавкат Рахмоновпен кездесуі мүмкін.

«Менің ойымша, Белал өзінің әдеттегі мәнерінде жеңіске жетеді — бес раундтық жалықтыратын жекпе-жек және төрешілердің шешімі», — деді бразилиялық спортшы.

Айта кетейік, алдағы демалыста Пратес Рахмоновтың бұрынғы қарсыласы — ирландиялық Иэн Гэрримен күш сынасады.