14.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Карло Анчелотти тығыз ойын кестесін сынға алды

«Реал» бас бапкері Карло Анчелотти командасының тығыз ойын кестесіне наразы екенін білдірді. Оның айтуынша, Чемпиондар лигасындағы «Атлетикомен» ойын мен Ла Лигадағы «Вильярреалға» қарсы матч арасында футболшылардың қалпына келуіне жеткілікті уақыт берілмеген.

«Мен мұны түсінбеймін, бірақ біз ештеңе істей алмаймыз. Ойындар арасында кемінде 72 сағат болуы керек. Ең маңыздысы – ойыншылардың қалпына келетін уақыт болуы тиіс, бірақ ол басымдыққа айналмай тұр. Олар бірінші кезекте телевизиялық құқықтар мен ақша туралы ойлайды, ал ойыншылар ең соңында ғана еске түседі», — деді Анчелотти.

Дереккөз: Football España.