24.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қарағанды «Шахтерінің» бұрынғы қорғаушысы Беларусь клубына ауысады

«Ухо» телеграм-арнасының мәліметінше, 24 жастағы колумбиялық қорғаушы Франсиско Кампо Мина жақын арада «Минск» клубына ауысады.

Қорғаныстың ортасында да, сол қапталында да ойнай алатын әмбебап қорғаушы жыл басында «Динамо» (Махачкала) сапынан кеткен болатын. Ол бұл клубқа келісімшартқа қол қойғанымен, бірде-бір ресми матч өткізген жоқ.

Кампо Минаның мансабындағы ең табысты кезеңі «Шахтер» (Қарағанды) клубымен байланысты. Қазақстандық команда құрамында ол түрлі турнирлерде 30 ойын өткізіп, екі рет гол соқты.

Футболшы бұған дейін Балтық футбол академиясында және латвиялық «Лиепая» клубында да өнер көрсеткен.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!