21.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Канада тарихтағы алғашқы Төрт ұлт турнирінің жеңімпазы атанды

Sportbox.ru мәліметінше, Канада құрамасы Бостонда өткен финалдық матчта АҚШ командасын жеңіп, алғашқы Төрт ұлт турнирінің чемпионы атанды.

Ойын овертаймда «үйеңкі жапырақтардың» пайдасына 3:2 (1:1, 1:1, 0:0, 1:0) есебімен аяқталды. Негізгі уақытта Канада сапынан Натан Маккиннон мен Самуэль Беннетт көзге түссе, АҚШ үшін Брэди Ткачук пен Джейк Сандерсон гол соқты. Жеңісті шайбаны экстра-таймда Коннор Макдэвид соқты.

Турнирге тек НХЛ ойыншыларынан құралған төрт құрама қатысты:

  • Канада – 1 орын
  • АҚШ – 2 орын
  • Швеция – 3 орын
  • Финляндия – 4 орын

Айта кетейік, АҚШ құрамасы алдағы 2025 жылғы әлем чемпионатында «В» тобында өнер көрсетеді. Олар Швейцария, Норвегия, Дания, Чехия, Германия, Венгрия және Қазақстан командаларымен кездеседі. Әлем біріншілігі мамыр айында Швеция мен Данияда өтеді.