Оқу уақыты: 1 мин

Канада құрамасының қорғаушысы Бьюкенен «Челсимен» келісімшартын ұзартты

Канада құрамасының қорғаушысы Бьюкенен «Челсимен» келісімшартын ұзартты

Лондондық «Челси» Канада құрамасының қорғаушысы Кадиша Бьюкененмен келісімшартын ұзартқанын жариялады — жаңа келісім 2027 жылға дейін жасалды.

«Көктердің» сапында өнер көрсеткен футболшы 50 ойын өткізіп, үш трофей — Англия Кубогы мен Әйелдер суперлигасының екі титулын иеленді.

«Мен «Челсимен» келісімшартымды ұзартқаныма өте қуаныштымын. Клуб мен үшін отбасыға айналды, елде және лигада өзімді жайлы сезінемін», — деді Бьюкенен.

Қазіргі уақытта канадалық қорғаушы бес ай бұрын «Ливерпульмен» болған ойында алған крест тәрізді байламдарының жарақатынан кейін қалпына келуде.

«Біз Кадишаның клубпен келісімін ұзартқанына қуаныштымыз. Жарақатқа дейін ол «Челсидегі» өнер көрсету мерзімінде ең жақсы формасын көрсетті», — деп түсініктеме берді әйелдер футболының жетекшісі Пол Грин.