26.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Итан Вернон Каталония Вуэльтасының екінші кезеңінде жеңіске жетті

Israel-Premier Tech командасының британдық велошабандозы Итан Вернон Каталония Вуэльтасының екінші кезеңінде бірінші болып мәре сызығын кесті. Бұл туралы жарыстың ресми сайты хабарлады.

Баньолестен Фигераске дейінгі 180 шақырымдық кезеңде екінші орынды Visma | Lease a Bike командасының тағы бір британдық спортшысы Мэтью Бреннан иеленді. Үздік үштікті Alpecin-Deceuninck командасының өкілі, австралиялық Кэйден Гровс түйіндеді.

«Астана» командасының велошабандоздары келесі нәтижелерді көрсетті:

  • Даррен ван Беккум — 30-орын
  • Ваут Пулс — 33-орын
  • Мартин Лопес — 82-орын
  • Лоренцо Фортунато — 88-орын
  • Хенок Мулюбырхан — 111-орын
  • Иде Схеллинг — 129-орын
  • Хаоюй Су — 161-орын

Жалпы есепте Мэтью Бреннан көш бастап келеді. Ол Кэйден Гровстан алты секундқа, ал голландиялық Тибор дель Гроссодан он екі секундқа алда тұр.