13.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ислам Махачев: Мен Топурияға бірден мүмкіндік бермеймін

Match TV мәліметі бойынша, UFC жеңіл салмақтағы чемпионы Ислам Мақашев Илия Топуриямен ықтимал жекпе-жекке қатысты өз ойын ортаға салды.

«Мен оған бірден мүмкіндік бермеймін, өйткені ол өз салмақ дәрежесінде атқаруы керек жұмыстың бәрін орындаған жоқ. Әлі де ол жеңуі керек үміткерлер бар, бірақ ол енді салмақ түсіргісі келмейді. Жоғары салмаққа көтеріліп, мүмкіндікті сосын алсын − сонда міндетті түрде төбелесеміз», — деді қазіргі чемпион.

Айта кетейік, белгілі комментатор Джо Роган, UFC-мен 20 жылдан астам жұмыс істеген маман, Топурияның Мақашевпен қарсыласу үшін жеңіл салмаққа көшуін қолдайтынын білдірді. Өз кезегінде, UFC файтері Пэдди Пимблетт бұл идеяға күмәнмен қарайды және Топурияның өз белбеуін тек бір рет қорғағанын алға тартты.