Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Интер» мен «Наполи» ұпай жоғалтты

Италия чемпионатының 31-турында көш басындағы екі команда ұпай жоғалтты. «Интер» сырт алаңда «Пармаға» қарсы 2:2 есебімен тең ойнаса, «Наполи» «Болоньямен» 1:1 нәтижесін тіркеді.

Серия А турнир кестесінде:

  • «Интер» — 68 ұпай (1-орын)

  • «Наполи» — 65 ұпай (2-орын)

  • «Аталанта» — 58 ұпай (3-орын)

  • «Болонья» — 57 ұпай (4-орын)

Көшбасшы төрттікті өкшелеп келе жатқан клубтар:

  • «Ювентус» — 56 ұпай

  • «Лацио» — 55 ұпай

  • «Рома» — 53 ұпай

Маусымның соңына қарай чемпиондық үшін де, Еурокубок жолдамалары үшін де тартыс күшейіп келеді. Алдағы турлар бұл жарыстың тағдырын шешуде аса маңызды болмақ.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!