17.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Интер» «Аталантаны» жеңді

Италия Серия А-ның 29-шы тур матчында миландық «Интер» сырт алаңда «Аталантаны» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Есеп 54-ші минутта ашылды. Карлос Аугусто дәл соққымен қонақтарды алға шығарды. Матч соңында Лаутаро Мартинес 87-ші минутта соңғы нәтижені белгіледі.

Кездесудің соңғы он минутында бірнеше қызыл қағаз көрсетілді — үй иелерінің жартылай қорғаушысы Эдерсон төрешімен келіспеушілігі үшін бір эпизодта екі сары қағаз алды, бергамалықтардың бас бапкері Джан Пьеро Гасперини жаттықтырушылар орындығынан қуылды, ал қонақтардың қорғаушысы Алессандро Бастони қосымша уақытта екінші ескерту алып, алаңнан кетті.