07.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«IBA.Pro 2» турнирінде Сергей Ковалев қоштасу жекпе-жегін өткізеді

Сергей Ковалев отандасы Артур Бетербиевке деген көзқарасы әрдайым қалыпты болғанын айтты, деп хабарлайды «Матч ТВ».

Бұрынғы әлем чемпионы жартылай ауыр салмақта «IBA.Pro 2» турнирінде қоштасу жекпе-жегін өткізеді. Кездесу 19 сәуірде Челябинскіде өтеді, ал Ковалевтің қарсыласы неміс боксшысы Артур Манн болады.

Бетербиев туралы әңгіме Эр-Риядта өткен жекпе-жек кезінде қозғалды. Сол кездесуде Дмитрий Бивол отандасын жеңіп, дивизионның абсолютті чемпионы атанған еді.

«Менің оған деген көзқарасым әрқашан қалыпты болды. Бір салмақта болған кезде ғана бәсекелестік болды. Қазір анықтайтын ештеңе жоқ. Оның үлкен жетістіктерге жеткеніне қуаныштымын», — деді Ковалев.

Ол өзінің рингте Бетербиевпен кездеспегеніне өкініш білдірді:

«Өкінішке орай, біздің жолдарымыз рингте тоғыспады. Демек, жазбаған екен. Бәрі Жаратушыдан».