Оқу уақыты: 1 мин

Хорватия Ұлттар лигасының ширек финалының алғашқы матчында Францияны жеңді

Хорватия Ұлттар лигасының ширек финалының алғашқы матчында Францияны жеңді

УЕФА Ұлттар лигасының ширек финалдық алғашқы матчында Хорватия құрамасы Сплиттегі «Полюд» стадионында Франция командасын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Championat.com.

Норвегиялық Эспен Эскос басқарған төрешілер бригадасы жүргізген ойынды үй иелері белсенді бастады, сегізінші минутта Андрей Крамарич пенальтиді орындай алмады.

26-шы минутта Анте Будимир хорваттарды алға шығарды. Шабуылшы Иван Перишичтің қапталдан берген пасынан кейін басымен дәл соқты. Үзіліс алдында Перишич өз командасының басымдылығын еселеді — 2:0.

Қайтару кездесуі жексенбіде Францияда өтеді. Еске сала кетейік, өткен жылғы финалда хорваттарды пенальти сериясында жеңген Испания құрамасы қазіргі трофей иегері болып табылады.