Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Хасанбой Дусматов бауырымен жекпе-жектен бас тартты — Сәкен Бибосынов жартылай финалда

Хабаровскіде өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирінде өзбекстандық ағайындылар арасында өтуі тиіс болған ерекше жекпе-жек өтпей қалды.

54 келі салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионы Хасанбой Дусматов өз бауыры Фарёзбек Дусматовпен кездесуі тиіс болатын. Алайда ұйымдастырушылардың мәліметінше, Хасанбой рингке шығудан бас тартқан. Осылайша, жеңіс техникалық түрде Фарёзбекке берілді.

Бұл салмақта Қазақстан намысын әлем чемпионы және Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов қорғап жатыр. Енді ол жартылай финалда Фарёзбек Дусматовпен кездеседі.