06.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Харви Эллиотт «Ливерпульге» «ПСЖ»-ға қарсы жеңіс сыйлады

Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Ливерпуль» мен «ПСЖ» арасындағы матчта Харви Эллиотт басты қаһарманға айналды.

86-шы минутта жас жартылай қорғаушы Мохамед Салахтың орнына алаңға шықты. Ойыншы өзін ұзақ күттірмей, бір минуттан кейін Дарвин Нуньестің пасын голға айналдырып, командасына жеңіс сыйлады.

Екі команда арасындағы қайтару матчы келесі аптада «Энфилдте» өтеді. «Ливерпуль» сейсенбі күні «ПСЖ»-ны қабылдайды.