27.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Гвардиола: «Сити» қайта оралады»

City Xtra мәліметі бойынша, Пеп Гвардиола команданың даму жолы туралы пікір білдірді.

«Чемпиондар Лигасына шығу – біз үшін үлкен жетістік. Биылғы маусымда бұрынғы «Ситиді» көре алмайсыздар, бірақ біз міндетті түрде ораламыз. Бізде супер-жас команда қалыптасуда. Шабуылдағы үштік – біздің болашағымыз. Родри қайта оралады, ал Нико, Хусанов (оны «Тоттенхэмге» қарсы матчта көрдіңіздер) және жас Йошко Гвардиол – ертеңгі «Ситидің» тірегі. Бернарду, Гюндоган, Кевин де Брюйне және басқалары – команда үшін өте маңызды. Жазда жаңа ойыншылар мен трансферлер келеді, олар алдағы жылдары клубты алға жетелейді. Бұл – тек уақыт мәселесі.»