Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Гвардиола: «Астон Вилламен матч — нағыз финал»

«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола АПЛ аясында өтетін «Астон Виллаға» қарсы ойынды Чемпиондар лигасына жолдама үшін шешуші кездесу ретінде бағалады.

«Бұл — нағыз финал. Бізге жанкүйерлердің қолдауы өте қажет. Олардың келесі маусымда команданы Чемпиондар лигасынан көргісі келетініне сенімдімін», — деді Гвардиола.

Ағылшын Премьер-лигасында келесі маусымда үздік бес команда басты еурокубокқа жолдама алады. Қазір бұл орындар үшін бес клуб тартысқа түсіп отыр, олардың арасы небәрі екі ұпаймен шектеледі.

Ойын алдында ерекше назар «Сити» академиясының түлегі, қазіргі таңда «Астон Виллада» жарқырап жүрген Морган Роджерске аударылып отыр. 22 жастағы жартылай қорғаушы биыл 14 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.

«Бізде қандай ойыншы болғанын қараңыз — ол Вилла ойынына үлкен әсер етуде. Біз оның мұны істей алатынын бұрыннан білдік», — деп бапкер өз шәкіртіне баға берді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!