Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Грузиядан келген «Атыраудың» жаңа ойыншысы қазақстандық клубқа ауысуы туралы айтты

«Атырау» футбол клубының жаңа шабуылшысы Георгий Никабадзе қазақстандық командаға ауысуына байланысты алғашқы әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды KazFootball.kz.

«Атырау» жанкүйерлеріне сәлем! Мен осында келгеніме өте қуаныштымын және бізді қызықты әрі табысты маусым күтіп тұр деп үміттенемін. Қазақстан чемпионатында жоғары деңгейдегі клубтар өз шеберліктерін көрсететінін білемін. Сондай-ақ бұл елдің командалары еурокубоктік жарыстарға қатысатынын естідім, сондықтан алда қызу бәсеке болатыны анық», — деді грузиялық футболшы.

Никабадзе келісімшартқа қол қоймас бұрын, Қазақстанда өнер көрсеткен отандасы Георгий Гадранимен кеңескенін атап өтті. «Ол маған клубтағы достық атмосфера мен ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін айтты», — дейді жаңа ойыншы.

Шабуылшы жаттықтырушылар құрамы мен басшылықтың қолдауына сенім артып, Қазақстан футболына тезірек бейімделуге ниетті.

«Барлығы бірден оңай болады деп айта алмаймын, бірақ бәрі жақсы болады деп үміттенемін. Жанкүйерлеріміз біздің жетістіктеріміз бен жеңістерімізге қуанып жүре берсін!» — деп түйіндеді Никабадзе.