Оқу уақыты: 1 мин

Грозныйда көше мен спорт орталығына Бувайсар Сайтиевтің есімі берілмек

Грозныйда көше мен спорт орталығына Бувайсар Сайтиевтің есімі берілмек

СпоRT хабарлауынша, Грозныйда аңызға айналған Бувайсар Сайтиевтің есімін мәңгі есте қалдыруға дайындық жүріп жатыр — Ахматов ауданындағы көшеге үш дүркін олимпиада чемпионының есімі берілмек.

Осы көшеде Республикалық күрес орталығының құрылысы аяқталуға жақын — жаңа спорт нысанына да атақты балуанның есімі берілетін болады.

Грозный қаласының әкімі Хас-Магомед Кадыров бұл шешімнің маңыздылығын атап өтті:

Бувайсар Сайтиев жастарымыз үшін үлгі тұтар тұлға болды. Жаңа буын спортшыларының көбі спортқа оның арқасында келді. Бувайсар халқымыздың атын әлемдік аренада шығарып, жұртымыздың жүрегін мақтанышқа толтырды.

Еске сала кетейік, көрнекті спортшы наурыз айының басында Мәскеуде 50 жасқа қараған шағында өмірден озды.