12.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Грозныйда Бувайсар Сайтиев атындағы спорт орталығы ашылады

«Tass.ru» хабарлағандай, Грозныйда үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиевтің құрметіне Республикалық спорт күресі орталығы ашылады.

Шешеннің дене шынықтыру және спорт министрі Ахмат Кадыров бұл орталыққа Сайтиевтің есімін беру туралы шешім қабылданғанын айтты. Бұл атақты балуанның 50 жылдығына орай жасалды.

«Бұл шешім балуандар үшін үлгі болған атақты спортшыға деген құрмет белгісі», – деді министр.

Шешен Республикасының басшысы Рамзан Кадыров та Сайтиевтің спорттағы жетістіктерін атап өтті.

«Оның жеңістері барша жанкүйердің жүрегіне от жақты. Оның есімі әрдайым құрметпен аталады. Нағыз батырлар ешқашан ұмытылмайды, олар халық жадында мәңгі қалады», – деді аймақ басшысы.

Бувайсар Сайтиев наурыз айының басында өмірден озды. Ол спортта үлкен жетістіктерге жеткен:

— 1996, 2004 және 2008 жылдары Олимпиада чемпионы атанды
— Алты мәрте әлем чемпионы болды
— Еуропа чемпионатында алты рет жеңіске жетті
— Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды
— «Отан алдындағы еңбегі үшін» IV дәрежелі, Құрмет және Достық ордендерімен марапатталған