13.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Гэри Беттмэн ресейлік хоккейшілердің халықаралық турнирлерге қатысуы туралы пікір білдірді

НХЛ комиссионері Гэри Беттмэн ресейлік хоккейшілердің халықаралық турнирлерге қатысу перспективалары туралы пікір білдірді («Toronto Sun» мәліметі бойынша).

НХЛ ойыншылары кәсіподағының басшысы Марти Уолш бұған дейін ресейліктерді жарыстарда көргісі келетінін айтып, мәселенің саяси сипатта екенін атап өткен болатын.

«Ресей хоккейі керемет деңгецде, ал біздің лигада тамаша ресейлік ойыншылар ойнайды. Марти айтқандай, бұл біздің шешіміміз емес, ИИХФ жақында басқа федерациялар сияқты Ресейді көптеген жарыстарға жібермеу туралы дауыс берді».

2028 жылғы Әлем кубогына ресейліктердің қатысуы белгісіз күйінде қалып отыр. НХЛ Халықаралық олимпиада комитетінің шешімін күтуде, ол Ресей құрамасының 2026 жылғы Олимпиадаға қатысу мәселесін ұйым президентін сайлағаннан кейін қарастырады.