10.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Галатасараймен» шулы матчтан кейін түрік клубының президенті қызметінен кетті

«Спорт-Экспресс» хабарлауынша, «Адана Демирспор» футбол клубының президенті Бедирхан Дурак әлеуметтік желілер арқылы өз қызметінен кететінін мәлімдеді.

Бұл шешім «Адана Демирспор» ойыншылары «Галатасараймен» ойында наразылық білдіріп 13-ші минутта алаңнан кеткен (қақпаларына пенальти тағайындалғаннан кейін) шулы матчтан соң қабылданды.

Мен әрдайым клубымның игілігі үшін әлеуметтік желілердегі деструктивті және ашу-ыза тудыратын хабарламаларды елемей келдім; қазір біз қайтымсыз нүктеге жеттік. Клуб отбасы жақындарым және өз денсаулығым үшін қызметтен кетемін — деп жазды Дурак өз мәлімдемесінде.

Айта кетейік Бедирхан Дурак клубты өткен жылдың қазан айынан бастап басқарған. Ал команда (онда қазақстандық шабуылшы Абат Аймбетов ойнайды) қазір небәрі 5 ұпаймен соңғы 19-шы орында тұр.