21.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Француз клубының бапкері матч алдында әдепсіз сөздермен таңғалдырды

RMC Sport мәліметі бойынша,  француздық «Шатору» бас бапкері Крис матч алдындағы әдепсіз сөздері салдарынан дау-дамайдың ортасында қалды.

Үшінші дивизион клубының баспасөз қызметі тик-токта бразилиялық маман футболшыларды ынталандыру үшін өте орынсыз жыныстық теңеулер қолданған бейнені жариялады.

«Клубқа барғанда қызды көресіңдер оған қарайсыңдар қыздырғыңыз келеді сөйлескіңіз келеді. Бүгін де дәл сондай қарсыласымызға бетпе-бет қарап оны жеңуіміз керек» — деді Крис дөрекі сөздерді қолданып.

«POV: бапкер шеберлік сабағын өткізді» деген жазумен жарияланған бейне сын толқынынан кейін жойылды. Бұл сөздер «Кевийимен» болған матч алдында (2:1 есебімен жеңіспен аяқталған) айтылған болуы мүмкін.

Крис пен «Шатору» басшылығы осы оқиға үшін жария түрде кешірім сұрады. Бапкер өз сөздерінің орынсыз екенін мойындады ал клуб өкініш білдіріп бейненің жариялау алдында тиісті тексеруден өтпегенін атап өтті.